Қарағанды облысында заңсыз ойын бизнесі ұйымдастырылған үш орын анықталды

Қарағанды облысында заңсыз ойын бизнесі ұйымдастырылған үш орын анықталды

Ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Сатпаев қаласында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан 3 орынды анықтап, олардың қызметіне шек қойдыі.

Қылмысты ұйымдастырушы лотереялық қызмет атын жамылып, тыйым салынған ақылы құмар ойындарын өткізу үшін пайдаланған 7 ойын терминалы тәркіленді.

Тергеу барысында күдіктімен кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалынып, қылмыстық іс сотқа жолданды.