Мұнай өнімдерін заңсыз сату мен жеткізудің тағы екі фактісі бойынша айыпты тұлғалар тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Мұнай өнімдерін заңсыз сату мен жеткізудің тағы екі фактісі бойынша айыпты тұлғалар тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша Экономикалық тергеу департаменттерінің қызметкерлері 231,5 тонна мұнай, 20 мың литрден астам дизель отынын олардың заңды шығуын растайтын құжаттарсыз сату және жеткізудің фактілерін анықтады.

Атырау қаласының №2 және Өскемен қаласының №2 соттарының үкіміне сәйкес айыпты тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабының 4-б. 2-т., 385-бабының 3-т. бойынша сотталды. Атырау қ. тұрғынына пробациялық бақылаумен 151 000 теңге (60 АЕК) әкімшілік айыппұл төлей отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы, ШҚО Глубокое ауылының тұрғынына 1 жыл және 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы орнатылды. 

Барлық тәркіленіп алынған заттай дәлелдемелер – 200 тоннадан астам мұнай,  3000 литр керосин, 22 070 литр дизель отыны, 700 литр бензин мемлекет меншігіне айналдырылды.

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев атап өткендей, «сапасыз ЖЖМ заңсыз сату – еліміздің қауіпсіздігіне қастандық жасау, оның экономикалық әлеуетін төмендету». Осыған байланысты, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті мұнай және мұнай өнімдерінің айналымы саласында құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу бойынша тиімді шаралар іске асырып келеді.

Құрметті азаматтар! Егер Сізге жоғарыда аталған фактілер мәлім болған жағдайда, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетіне келесі сенім телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7172) 70-84-78.