Қостанай облысындағы бір шаруа қожалығының басшысы жалған қаржы құжаттарын рәсімдегені үшін сотталды

Қостанай облысындағы бір шаруа қожалығының басшысы жалған қаржы құжаттарын рәсімдегені үшін сотталды

Ағымдағы жылдың ақпан айында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын және тергеу әрекеттерін жүргізу барысында «Мақсат» ШҚ жалған бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеу бойынша заңсыз қызметін әшкереледі.

Шаруа қожалығының басшысы өзінің атынан 3 сыныпты бидай мен зығыр жеткізгені үшін «Алтын Арна 2015» ЖШС-не 679 250 000 теңге сомасына жалған шот-фактуралар жазып отырған. Соның арқасында, 3 625 000 теңге сомасына пайыздық сыйақыға ие болды. Алайда, тауарлардың нақты жеткізілуі іске аспаған.

Тексеру барысында «Мақсат» ШҚ тауарлы емес бастапқы бухгалтерлік құжаттары, ақша қаражаты, құжаттар және басқа да заттар тәркіленді.

20 наурызда Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен «Мақсат» ШҚ басшысы ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 216-бабының 3-бөлігі бойынша сотталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін оған шартты түрде 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.