
Төтенше жағдай кезінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Маңғытау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Ақтау қаласының 7-ші шағын аудандағы жасырын казиноның жұмыс атқаратындығын анықтады.
Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде белгісіз азаматтардың заңсыз ойын қызметін ұйымдастыру фактісі әшкереленді. Анықталған мекен-жайды тексеру барысында 12 дана компьютер, ғимаратты жалға алу бойынша келісімшарт құжаты және басқа да құжаттар тәркіленді.
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша ҚР ҚК 307-бабына (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу тіркеліп, заттай дәлелдемелерді жинақтау және бекіту шаралары жүргізілуде.
Құрметті азаматтар! Егер Сіз қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарға куә болсаңыз немесе осындай деректер Сізге мәлім болған жағдайда, Маңғыстау облысы бойынша ЭТД-не 8 (7292 ) 40-36-59 , 8 (7292 ) 40-34-01 сенім телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.