
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 23 тонна мұнай өнімдері бар және оның пайда болуын дәлелдейтін құжаттарсыз көлікті ұстап алды. Заңсыз жеткізілім «НафтунОйл» ЖШС-нен облыс ауылының балабақшасына дизель отыны ретінде іске асырылған.
Тергеу нәтижесінде аталған кәсіпорынның директоры 2019 жылы БҚО Қазтал ауданы ауылдарының бірінің оқыту мекемелерімен 59 млн. теңге сомасына жалпы көлемі 247 тонна дизель отынын жеткізуге бірнеше келісім-шарт жасағандығы анықталды. Алайда, диезль отынының орнына мұнайды екінші рет бөліп алу процесінде алынатын фракциялар (бензин, керосин) қоспасы жеткізіліп отырған.
Қазіргі таңда Қазтал ауданының №2 сотының үкімімен зиянкес ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабының 2-б. бойынша сотталды.
2020 жылғы 10 сәуірде Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында ҚР Қ.К.Тоқаев атап өткен тапсырмаларды орындау мақсатында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті сапасыз ЖЖМ заңсыз жеткізетін компаниялар мен жеке тұлғаларды анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.