Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Агенттік Төрағасының бұйрығымен Төлеутай Нұраби Рашидұлы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Ұжымның жаңа басшысын ҚМА төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Садырбеков таныстырды.

Нұраби Төлеутай бұған дейін Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметін атқарған.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі