Ол қомақты көлемде акцизделетін тауарларды сақтау, тасымалдау және өткізумен байланысты кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрін жүзеге асырған. Заңсыз темекі өнімдерінің жалпы сомасы 59 млн теңгені құрады.
Аталған факті бойынша ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қылмыстық іс қозғады.
Сот аталған азаматты кінәлі деп танып, оған бір жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, заттай айғақтар одан әрі шаралар қабылдау үшін сот орындаушыларына жіберілді.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі