Елордалық алаяқтар мың литрден астам антисептикалық затты сатуға тырысқан

Елордалық алаяқтар мың литрден астам антисептикалық затты сатуға тырысқан

2020 жылғы 26 мамырда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде жеке тұлғалардың қала аумағында жалпы сомасы 880 000 теңгеге қымбат бағада көлемі 1350 литр (5 литрлік 270 дана ыдыс) антисептикалық зат сату фактісін анықтады.

ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасы ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясы Хаттамасының 8 тармағына сәйкес тәркіленген антисептикалық заттар «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің арнайы медициналық қамту базасы» МКМ жауапты сақтауға тапсырылды.