Еліміздің екі өңірінде антисептикалық заттар мен медициналық маскаларды заңсыз сату фактілері анықталды

Еліміздің екі өңірінде антисептикалық заттар мен медициналық маскаларды заңсыз сату фактілері анықталды

Төтенше жағдайда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында медициналық маскалар мен антисептикалық препараттарды сату кезінде заң бұзушылық фактілерін анықтады.

Комитеттің Түркістан және Маңғыстау облыстары бойынша Экономикалық тергеу департаменттері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жалпы сомасы 1 452 500 теңгеге 9350 дана медициналық маска, 770 000 теңге сомасына 700 антисептик (көлемі 100 мл.) тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда 1990 ж.т. Түркістан қаласының тұрғыны ҚР АҚК 463-бабының 1-б. сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Ақтау қаласындағы факті бойынша ҚР ҚК 214-б. 1-б. сәйкес (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасы ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясы Хаттамасының 8 тармағына сәйкес тәркіленген медициналық өнімдер денсаулық сақтау мекемелеріне жауапты сақтауға тапсырылды.