Шымкентте данасы 7500 теңгеден антисептик және медициналық маскаларды заңсыз сатпақ болған

Шымкентте данасы 7500 теңгеден антисептик және медициналық маскаларды заңсыз сатпақ болған

Төтенше жағдайда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің  Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Шымкент қаласының прокуратурасымен бірлесе отырып, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында медициналық маскалар мен антисептикалық препараттарды сату кезінде заң бұзушылық фактісін анықтады.

Департамент қызметкерлері бақылаудағы сатып алу арқылы жалпы сомасы 800 000 теңгеге 5500 дана медициналық маска, 3 750 000 теңге сомасына 500 антисептик сату  әрекетінің жолын кесті.

 Қазіргі таңда спекулянттарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін аталған фактілер бойынша материалдар Шымкент қаласы бойынша МКД жолданды.

ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасы ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясы Хаттамасының 8 тармағына сәйкес тәркіленген медициналық өнімдер Шымкент қ. әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына тапсырылатын болады.