Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері #BIZBIRGEMIZ жалпы республикалық акциясына қосылды

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері #BIZBIRGEMIZ жалпы республикалық акциясына қосылды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Мемлекет басшысы бастама берген #BIZBIRGEMIZ жалпы республикалық акциясына қатысты.

Төтенше жағдай режимінің әрекет етуі кезінде Департамент 15 көпбалалы отбасыны азық-түлік пен антисептикалық заттармен қамтамасыз етуде көмек көрсетті.

Акцияның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, Алматы қ. бойынша ЭТД қызметкерлері қиын жағдайда қалған отбасыларға көмек көрсетеміз деп бірауыздан шешім қабылдады және алдағы уақытта да осындай шараларды жүзеге асыратын болады.