Батыс Қазақстан облысында қаражатты қолма-қол ақшаға аударумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Батыс Қазақстан облысында қаражатты қолма-қол ақшаға аударумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Төтенше жағдайда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру саласындағы заң бұзушылық фактілерінің жолын кесу бойынша шаралар қабылдауда.

Осылайша, Комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «АзияБатыс» және «СнабСтройКонтракт» кәсіпорындары атынан контрагенттер пайдасына жалған шот-фактураларды ресімдеумен айналысқан тұлғалардың қызметі әшкереленді.  

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қылмыс үстінде үш адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды.  Олардың заңсыз қызметінен мемлекетке төленбеген салық түрінде 73 млн. астам сомаға залал келтірілді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 216-б. 2-б. сәйкес қылмыстық іс қозғалды.  

Қазіргі таңда бас ұйымдастырушы сотпен кінәлі деп танылды, қалған сыбайластарға қатысты қылмыстық тергеу тоқтатылды.