Қарағандының бір коммерциялық кәсіпорын басшысы жалған антисептикалық өнімді дайындап сатумен айналысқан

Қарағандының бір коммерциялық кәсіпорын басшысы жалған антисептикалық өнімді дайындап сатумен айналысқан

Ағымдағы жылдың 31 наурызында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жалған антисептикалық өнімді дайындап сату фактісінің жолын кесті.

Елдегі төтенше жағдайда Қарағанды қаласындағы бір коммерциялық кәсіпорынның басшысы сәйкес рұқсаттама құжаттарынсыз қолға арналған антисептикалық өнімді дайындап, сатуды іске асырған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құрамы анықталмаған антисептикалық өнімді өндіру цехы табылып, 750 000 теңге сомасына 50 бөтелке (5 литрлік) антисептиктің зансыз сатылғаны анықталды.

Осы анықталған факті бойынша ҚР ҚК 214-бабы, 1б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дайындалып, сатылған антисептикалық өнімнің барлық мөлшерін анықтау үшін жедел-тергеу іс шаралары жүргізілуде.