
2020 жылдың 31 наурызында ҚР ҚМ ҚМК Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмей және қажетті құжаттарсыз антисептикалық заттарды қымбат бағада сату фактісін анықтады.
Шымкент қаласы бойынша ЭТД қызметкерлері жүргізген бақылаудағы сатып алу нәтижесінде жалпы сомасы 510 000 теңгеге көлемі 230 литр антисептикалық заттар тәркіленді.
Аталған дерек Ақпаратты есепке алу кітабына тіркеліп, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне алаяқты әкімшілік жауапкершілікке тартау үшін жолданды.
Тәркіленіп алынған антисептикалық заттар ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасы ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясы Хаттамасының 8 тармағына сәйкес Шымкент қаласы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.