
Төтенше жағдайда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында медициналық маскаларды сату кезінде заң бұзушылық фактісін анықтады.
Алматы қаласының аумағында жалпы сомасыы 8 млн. теңгеге 100 мың дана медициналық маска тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 214-б. 1-б. сәйкес (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасы ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясы Хаттамасының 8 тармағының негізінде тәркіленген медициналық өнімдер Алматы облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына жауапты сақтауға тапсырылды.