
2020 жылдың 2 сәуірінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жалған антисептикалық өнімді дайындап, өндіру цехын анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Департамент қызметкерлері литрі 3000 теңге сомасындағы 3 тонна дайындалған антисептикалық өнімді, сонымен қатар 40 литр техникалық спиртті тәркіледі.
Осы анықталған факті бойынша ҚР ҚК 214-бабына сәйкес (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) сотқа дейінгі тергеу басталды.