Павлодар мемлекеттік университетіне антисептикалық заттарды жасау үшін 1000 астам спирт қосылған сұйықтық тапсырылды

Павлодар мемлекеттік университетіне антисептикалық заттарды жасау үшін 1000 астам спирт қосылған  сұйықтық тапсырылды

2020 жылғы 1 сәуірде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің химия және химиялық технологиялық кафедрасына 1000 литрден астам спирт қосылған өнімді тапсырды. Алкогольді өнім антисептикалық заттарды жасау үшін пайдаланылатын болады.

 

Анықтамалық ақпарат

2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» ҚР Президентінің Жарлығына және  ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясы Хаттамасының 8 тармағына сәйкес Департаменттер айналымнан тәркіленіп алынған спирт бар сұйықтықтың, сондай-ақ медициналық маскалар мен антисептикатердің өкілетті органдар мен мекемелерге тапсырылуын жүзеге асырады.