Еліміздің 6 өңірінде медициналық өнімдерді заңсыз сату фактілер анықталды

Еліміздің 6 өңірінде медициналық өнімдерді заңсыз сату фактілер анықталды

Төтенше жағдайда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық Экономикалық тергеу департаменттері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында медициналық өнімдерді сату кезінде 9 заң бұзушылық фактісін анықтады.

Соңғы тәулікте еліміздің 6 өңірінде медициналық маскалар, қолғаптар және антисетикалық заттарды заңсыз сатудың 9 әрекетіне шек қойылды (Батыс-Қазақстан облысы – 4, Алматы қ. – 2, Нұр-Сұлтан қ. – 1, Шымкент қ. – 1, Қызылорда облысы – 1).

Департамент қызметкерлерінің жедел шаралары нәтижесінде шамамен алдын ала белгіленген 40 млн. астам сомаға 250 мыңнан астам медициналық маска, 20 мың медициналық қолғап және 6 712 000 теңгеге 1452 литр антисептикалық зат тәркіленіп алынды.

4 факт бойынша материалдар кінәлі тұлғаларды ҚР АҚК 463-бабының 1-б. сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сәйкесінше МКД тапсырылды, қалған факті бойынша ҚР ҚК 214-б. 1-б. сәйкес (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасы ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясы Хаттамасының 8 тармағының негізінде тәркіленген медициналық өнімдер денсаулық сақтау мекемелеріне бірден  тапсырылды.