Павлодар қаласының екі тұрғыны қаражатты қолма-қол ақшаға заңсыз айналдырғаны үшін сотталды

Павлодар қаласының екі тұрғыны қаражатты қолма-қол ақшаға заңсыз айналдырғаны үшін сотталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жалған шот-фактура жазу бойынша заңға қайшы әрекеттер жасау фактісінің жолын кесті.

Павлодар қаласының екі тұрғыны алдын ала  сөз байласып, жалған бухгалтерлік құжаттарды жазумен айналысты. Сол арқылы мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 130 млн. теңгеден астам сомаға залал тигізбек болған.  

Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен ҚР ҚК 216-б. 2-б. сәйкес кінәлі тұлғалар сотталып, (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) оларға 2 жылған және 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді.

2020 жылғы 2 сәуірде сот үкімі заңды күшіне енді.