
Төтенше жағдай кезінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Тараз қаласының аумағында орналасқан дүкендерінің бірінде компьютерлік клуб ретінде ҚР ойын бизнесі заңнамасының талаптарына сай емес, лицензиясыз жасырын түрде казино жұмыс атқаратындығын анықтады.
Жедел-тергеу шаралары нәтижесінде белгісіз азаматтардың заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі әшкереленді. Тінту шаралары барысында анықталған мекен-жай бойынша 13 дана компьютер, 3 дана монитор, 148 800 теңге және 100 АҚШ доллары сомасындағы ақша қаражаты, бейнетіркеу құралы, үй-жайды жалға беру бойынша келісім құжатының көшірмесі және басқа да құжаттар тәркіленіп алынды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабына (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі тіркеліп, заттай дәлелдемелерді жинақтау және бекіту шаралары жүргізілуде.
Құрметті азаматтар! Егер Сіз қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарына куә немесе осындай деректер Сізге мәлім болған жағдайда, Жамбыл облысы бойынша ЭТД-не 8(7262)34-75-38, 8(7262)347626 сенім телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.