Қарағанды облысында компанияның сертификаттарын сату арқылы тұрғындарды қаржы қақпанына түсіріп отырған

Қарағанды облысында компанияның сертификаттарын сату арқылы тұрғындарды қаржы қақпанына түсіріп отырған

2020 жылдың 19 наурызда төтенше жағдайдың әрекет етуі кезінде КР  ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қаржылық пирамида қызметін  ұйымдастыру фактісінің жолын кесті.

Қылмыстық схема келесі әрекеттерден құралды: жеке тұлғалар компанияның 15 000-3500000 тенге сомасы аралығындағы қағаз түріндегі сертификатын сатып алып, кейін 4-8,5% мөлшеріндегі «кэшбек» түріндегі сыйақы алатын болған.

Анықталған факті бойынша ҚР ҚК 217-б. 2-т. сәйкес (қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) сатқа дейінге тергеу ісі қозғалып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.