Қырғызстанмен шекарадағы кеден бекетінде елімізден 300 тонна ұн сыртқа шығарған сегіз жүк автокөлігі ұсталды

Қырғызстанмен шекарадағы кеден бекетінде елімізден 300 тонна ұн сыртқа шығарған сегіз жүк автокөлігі ұсталды

Төтенше жағдай режимінің әрекет етуі кезінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері бірінші кезектегі қажетті азық-түлік тауарларын сатудағы манипуляция және бағаны жасанды түрде жоғарылату фактілерін анықтау бойынша жедел шаралар жүргізіп келеді.

Осылайша, 2020 жылғы 3 сәуірде Департамент қызметкерлері Қордай ауданында орналасқан «Қарасу» шекаралық бақылау-өткізу бекетінде Қазақстаннан Қырғызстанға 300 тонна ұнды сыртқа шығаруға тырысқан сегіз жүк автокөлігін ұстады. Сондай-ақ,  жалған тауар-көлік жүкқұжаттарында сыртқа шығарылған тауар «цемент» атауымен белгіленген.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 214-бабына сәйкес (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде.  

Құрметті азаматтар! Егер Сізге жоғарыда көрсетілген фактілер мәлім болған жағдайда, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу депаратаментіне сенім телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7262) 34-75-38,  8 (7262) 34-76-26.