Шымкент қаласының тұрғыны Атырауда медициналық өнімдерді заңсыз сатумен айналысқан

Шымкент қаласының тұрғыны Атырауда медициналық өнімдерді заңсыз сатумен айналысқан

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісін анықтады.

Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай режимінде Шымкент қаласының тұрғыны Атырау қаласында медициналық өнімдерді заңсыз сатумен айналысқан.

Жалпы сомасы 863 400  теңгеге  2400 дана медициналық маска, көлемі 100 мл 492 флакон антисептик және 30 литр сұйық антисептик тәркіленді. Оған қоса, алаяқтың аталған медициналық өнімдердің жасалуын растайтын құжаттары болмаған.

Барлық тәркіленіп алынған заттар Атырау облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.