Қостанайда астықтың «сұр» импортымен айналысқан бір топ тұлғаның қылмыстық әрекеті әшкере болды

Қостанайда астықтың «сұр» импортымен айналысқан бір топ тұлғаның қылмыстық әрекеті әшкере болды

Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері кіргізілген астық көлемін төмендетіп, Ресейден автомобиль көлігімен астықтың "сұр" импортымен айналысатын адамдар тобының қылмыстық әрекетін әшкереледі.

Аталған тұлғалар 2021-2022 жылдар кезеңінде Өзбекстан Республикасына 500 млн теңгеден астам сомаға 4,8 мың тонна көлемінде ресейлік астықты экспорттаған. Бұл ретте, аталған астықты экспорттау кезінде халықаралық транзиттік тарифті төлеуден жалтару мақсатында, оны қазақстандық тауар ретінде отандық шаруа қожалықтарының жалған шот-фактураларын пайдаланып, ол 88 млн теңге мөлшерінде транзиттік тарифтен жалтаруға мүмкіндік берген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

ҚМА Баспасөз қызметі