
Ағымдағы жылдың 23 наурызында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының полиция басқармасы және прокуратурасымен бірлесе отырып, елдегі төтенше жағдайда көлемі 5 литрлік 146 бөтелке антисептикалық затты заңсыз сату фактісін анықтады.
Тексеріс барысында көлемі 1000 литрлік 10 дана ақ цистерна тәркіленіп алынды, оның ішінде жалпы көлемі 8 210 литр ерекше иісі бар спирт қосылған түссіз сұйықтық болды.
Жоғарыда аталған бар заттар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына жауапты сақтауға тапсырылды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.