Алматыда медициналық маскаларды сату кезінде бағаларды спекулятивті қымбаттатудың алтыншы фактісі анықталды

Алматыда медициналық маскаларды сату кезінде бағаларды спекулятивті қымбаттатудың алтыншы фактісі анықталды

Ағымдағы жылдың 22 наурызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жеке тұлғалардың қымбат бағада медициналық маскаларды сату фактісін анықтады. Алматы қаласының аумағында жалпы сомасы 90 000 000 теңгеге  664 400 дана медициналық маска  рұқсаттама және жеке кәсіпкер ретінде тіркеу құжаттарынсыз заңсыз сатылған.

ҚР-ның Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия хаттамасының 8-т. Сәйкес барлық тәркіленген маскалар Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасына тапсырылды.

 

Анықтама:

          Қаржы мониторингі комитетінің барлық аумақтық Экономикалық тергеу департаменттері еліміздің 12 өңірінде 3 миллионаннан астам (2 932 019 дана) медициналық масканы спекулятивті қымбат бағада сатудың 17 фактісі анықталған, маскалар денсаулық сақтау мекемелеріне тапсырылды.