Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ жалған 30 біркүндік- компания арқылы 22 млрд. теңгеден астам соманы заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ жалған 30 біркүндік- компания арқылы 22 млрд. теңгеден астам соманы заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген «STOP ОБНАЛ» жедел-алдын-алу шарасы нәтижесінде контрагент-сатып алушыларды салықтан босату мақсатында іс жүзінде орындалмаған жұмыстар және тиеп-жөнелтілмеген тауарлар бойынша шот-фактура жазумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі.

Тергеу амалдары барысында қылмыстық топқа қатысы бар 16 тұлға анықталды. 4 тұлға Қарағанды облысы бойынша полиция департаментінің УҰИ қамалды.

16 мекенжай бойынша жүргізілген тінту нәтижесінде ноутбуктер, жүйелік блоктар және «1С Бухгалтерия» орнатылған қатқыл дискілер, заңды тұлғаларға тиесілі ЭЦҚ-кілттері, «көлеңкелі» бухгалтерия, 3 мөр, ұялы телефондар және 2 травматикалық тапанша табылды.

Қылмыстық топтың мүшелері екінші деңгейлі банктерден бақылауындағы фирма шоттарынан 50 миллион және одан астам сомадағы қаражатты кедергісіз шешіп отырған.

Жалған 30 біркүндік компания қылмыстық әрекетінің жалпы айналымы 22 млрд. теңгеден асып түсті. Соның нәтижесінде салық төлемеуден мемлекетке келтірілген шығын көлемі 7 млрд. теңгені құрады.

Аталған қылмысқа ҚР ҚК 262-бабына сәйкес (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.