Еліміздің оңтүстік өңірінен медициналық маскалар бағасын асырып сатудың 4 фактісі анықталды

Еліміздің оңтүстік өңірінен медициналық маскалар бағасын асырып сатудың 4  фактісі анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменттері соңғы тәулікте медициналық маскалар бағасын асырудың 4 фактісін, соның ішінде құжаттарсыз және мемлекеттік кірістер органында тіркеусіз сату фактісін анықтады.

Департамент қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Шымкент және Тараз қалаларында әр данасы 160 пен 200 теңге шамасында өзгеріп отырған 30 000 дана маска сатылымнан алынды.

Аталған факті ЭТД СДТБТ-де ҚР ҚК 190-бабы, 1 б. бойынша тіркелді. Қазіргі таңда жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

 

Құрметті азаматтар! ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті әлеуметтік маңызы бар тауарларға және жеке қорғау заттарына бағаларды орынсыз қымбаттатқаны үшін жауаптылыққа тартылатынын ескертеді. Аталмыш фактілер кездескен жағдайда Комитеттің сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7172) 70-84-78.