
Ағымдағы жылдың 18 наурызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында асыра қымбаттатқан бағада медициналық маскаларды сатумен айналысқан бірнеше Алматы қаласының тұрғынын ұстады.
Іске асырылған шаралар аясында қаланың төрт пунктінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға берілетін құжаттарсыз медициналық маскаларды асыра қымбат бағада сатқан бірнеше тұлға ұсталды.
Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Департамент қызметкерлері жалпы сомасы 191 млн. теңге болатын 1 053 520 масканы тәркіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия хаттамасының 8-т. Негізінде барлық тәркіленген маскалар Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасына тапсырылды.
Қазіргі таңда, жоғарыда аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 214-б. 1-б сәйкес сотқа дейінгі тергеу қозғалды.
Одан басқа, ҚР ҚМ ҚМК Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті медициналық маскалар мен антисептикалыық заттарды сату бойынша алаяқтық схемалардың жолын кесуге бағытталған рейдтік шараларды іске асырып жатқан жедел-тергеу топтарын құрды.