2 жыл бұрын, 2021 жылдың сәуірінде заңнамаға сәйкес, Қазақстан Президенті жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатын орындауда ҚР ҚМА жанынан қоғамдық бақылау және Агенттік қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында консультативтік-кеңесші және байқаушы орган ретінде Қоғамдық кеңес құрылды
Өткен уақыт ішінде ҚР ҚМА Қоғамдық кеңесі толыққанды орган ретінде өтті және Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестері арасында жетекші орындардың біріне ие болды
Өткен уақыт ішінде ҚР ҚМА Қоғамдық кеңесі толыққанды орган ретінде құрылды және Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестері арасында жетекші орындардың біріне ие болды
Қоғамдық кеңестің, оның Төрағасының жұмысы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің алғыс хатымен марапатталды.
Қоғамдық кеңес: 19 отырыс, Шымкент және Алматы қалаларында 2 көшпелі отырыс өткізді, Қоғамдық кеңес Алматы, Шымкент қалалары, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысы бойынша ЭТД басшыларының есептерін тыңдады, сондай-ақ тұрақты негізде қоғамдық бақылау ретінде Қаржылық мониторинг агенттігінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының баяндамаларын тыңдады.
Тыңдау қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес азаматтық қоғамның пікірін білдіру мақсатында тұрақты негізде Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің қарауы үшін міндетті тиісті ұсынымдар береді.
Қоғамдық кеңес 72 НҚА қабылдауға ұсынды, азаматтар мен заңды тұлғалардың 42-ден астам өтініштері қаралды, ҚР ҚМА Қоғамдық кеңесінің Сараптамалық тобы құрылды, Қоғамдық кеңес мүшелері 11 конференция мен «дөңгелек үстелдерге» белсенді қатысты, Қоғамдық кеңес азаматтық сектормен ынтымақтастық орнатты – «ҰХДБИ қоғамдық қорымен», «Парламентаризм Институтымен», «Қазақстан халықтары Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығымен», «Есірткісіз болашақ» қоғамдық қорымен ынтымақтастық және бірлескен жұмыс туралы меморандумдарға қол қойылды.
Қоғамдық кеңестің төрағасы С.Е. Шунеевтің айтуынша: біздің Қоғамдық кеңестің Қоғамдық кеңестер институты «Халық үніне құлақ асатын, әділ мемлекет» саясаты элементтерінің бірі болып табылатыны туралы нақты түсінігі бар.
Өз қызметімізде біз Мемлекет басшысының: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мемлекет пен қоғам арасында жүйелі байланыс орнату басымдығын нақты ұстануға тиіс» сөздерін басшылыққа аламыз.
Төраға ретінде мен әріптестерімді құттықтаймын және осы 2 жыл ішінде Қоғамдық жұмыстар үшін алғысымды білдіремін.