70 млн теңгеге жуық қаражатты жымқыру фактісі «Shymkent» ӘКК» АҚ анықталды

70 млн теңгеге жуық қаражатты жымқыру  фактісі «Shymkent» ӘКК» АҚ анықталды

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарларды, оның ішінде 3000 тонна 1 сұрыптағы ұнды өткізу барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі анықталды.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті қызметкерлері "Шымкент ӘКК" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.

Қалалық МІАД аудиторының қорытындысына сәйкес келтірілген залал сомасы 68 млн 800 мың теңгені құрады.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Call-center 1458

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі