ФАТФ 24 және 25 ұсынымдары елдерден бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізуді, сондай-ақ бұл тізілім ақшаны жылыстатуға қарсы жүйесіне қатысушыларға өзекті және қолжетімді болуын талап етеді.
Семинар қаржы мониторингі субъектілеріне бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру жөніндегі соңғы әзірлемелер туралы ақпарат алуға, халықаралық сарапшылардан заңды тұлғаларды заңсыз пайдаланудың неғұрлым кең таралған схемаларын естуге мүмкіндік берді.
Мұндай іс-шаралар ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жоятын қаруды таратуды қаржыландыруға қарсы күресте тиімділікті арттыруға оң әсер етеді және осындай іс-шараларды Агенттік тұрақты негізде жүргізеді.
Call-center 1458
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі