
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «Тұран» университеті, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды университеті және М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетімен бірлесіп «Қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық Олимпиада» өткізеді. ⠀
Мақсаты:Олимпиада қаржылық, экономикалық және ақпараттық қауіпсіздік негіздерін меңгерген қаржылық сауатты жастардың жаңа буынын қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған.⠀
Қатысушылар:Қазақстан Республикасының қазақ/орыс тілінде жалпы білім беру ұйымдарының 10-11 сынып оқушылары.⠀
Тіркеу: 2023 жылғы 15 ақпаннан 15 наурызға дейін.⠀
Олимпиада екі кезеңнен тұрады:1-кезең онлайн-тестілеу форматында;2-кезең офлайн түрде.⠀
Тіркелу және Олимпиада туралы ақпарат "Тұран" университетінің сайтында қол жетімді.⠀
Тіркелуге сілтеме- қазақ тілінде: https://forms.gle/UZyyksLLuLN2UcW77- орыс тілінде: https://forms.gle/2FYAxZQ6JLgkX4aq8