Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) жанындағы кәсіпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңес құрамына енгізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге коммерциялық емес ұйымдарды (бұдан әрі – бiрлестiктер мен ұйымдар) аккредиттеу жүргізуді жариялайды.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкес Агенттікке аккредиттеуге бiрлестiктер мен ұйымдар жатады.
Аккредиттеуді алу үшiн өтiнiш берушi Агенттікке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысандағы өтiнiш;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімі.
Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші аккредиттеу туралы куәліктің үш және одан да көп көшірмелерін де ұсынады.
Аккредиттелген бірлестіктер мен Агенттік жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң қызметi шеңберiнде жеке кәсiпкерлiк субъектілерінің мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актілерінің жобаларына сараптама жүргiзу құқығына ие болады.
Мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көзделген құжаттар топтамасын ұсынады.