
2020 жылғы 18 наурызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында тұрғындарға антисептикалық заттардың бағасын негізсіз асырып сату фактісінің жолы кесілді.
Құқықбұзушыдан жалпы көлемі 212 литр дезинфекциялық антисептик заттар тәркіленді. Ол антисептикалық заттарды 2500 теңгеге өндіруші-зауыттан сатып алып, тұрғындарға 4000 теңгеге сатумен айналысқан.
Республикадағы төтенше жағдайға орай, ашық сатылымда дәрі-дәрмек бір адамға 1 литрден аспайтын көлемде сатылады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Павлодар облысы бойынша ЭТД облыстық әкімшілікпен, сонымен қатар өндіруші зауыттармен бірлесе отырып, бірінші қажеттілік тауарларының қылмыстық алып-сату фактілерін алдын-алу шараларын жүргізуде.
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары!
Егер Сіз медициналық маскаларды, қолғаптарды, дезинфекциялық және антисептикалық заттарды сатуда негізсіз бағаларды өсіру фактілеріне куә болсаңыз, келесі сенім телефондарына: ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті – 8 (7172) 70-84-78, Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті – 8 (7182) 61-33-05, 8 (702) 816-01-81 немесе мына мекенжайлар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі, 10, Павлодар қ., Толстой көшесі, 98.
ҚР ТЖ бойынша мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 17 наурыздағы Хаттамасының 8 тармағына сәйкес, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша тәркіленген барлық медициналық маскалар мен бұйымдардың жарамсыз болуына жол бермеу үшін денсаулық сақтау ұйымдарына сақтауға беріледі.