
2020 жылғы 18 наурызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жалған антибактериалды препаратты сату фактісін анықтады.
Елімізде енгізілген төтенше жағдайда Теміртау қаласының дәріханаларына контрактілік тауар – «ГросФарм» сауда маркасымен қолдан жасалған «Алкосепт» антисептигі жеткізілді.
Осылайша, қорғаныс және жеке гигиена заты болып табылатын сапасыз тауарды халыққа сату мүмкіндігінің жолы кесілді.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 222-бабының 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу қозғалып, жедел-тергеу шаралары іске асырылуда.