Атырауда миллион медициналық масканы заңсыз сатуға тырысқан

Атырауда миллион медициналық масканы заңсыз сатуға тырысқан

Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісін анықтады.

Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайда Атырау қаласының біп топ тұлғасы жалпы сомасы 313 млн. теңгеге 1 млн. дана медициналық масканы сатумен айналысқан. Алайда, олардың маскалардың заңды жасалуын дәлелдейтін құжаттары болмаған.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалды.

Егер сіз медициналық маскалар мен антисептикалық заттарды сату кезінде негізсіз бағаны көтермелеу фактілерінің куәгері болсаңыз, ҚР ҚМ Қаржы мониториннгі комитетінің келесі сенім телефоны – 8 (7172) 70-84-78 немесе Бейбітшілік көш., 10 мекенжайы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Қаржы мониторингі комитеті және аумақтық Экономикалық тергеу департаменттері елімізде енгізілген төтенше жағдай режимінде мемлекеттің жалпы қауіпсіздігі мақсатында экономикалық қылмыстардың алдын алу бойынша белсенді жұмыс жасап келеді.