Нұр-Сұлтан қаласында медициналық масканы асырып қымбатталған бағада заңсыз сатумен айналысқан факт анықталды

Нұр-Сұлтан қаласында медициналық масканы асырып қымбатталған бағада заңсыз сатумен айналысқан факт анықталды

2020 жылғы 18 наурызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті  Павлодар облысы бойынша ЭТД-мен бірлесе отырып, заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісін анықтады.  

         Республикадағы төтенше жағдайға орай Нұр-Сұлтан қаласының бір топ азаматы халыққа асырып қымбатталған бағада 55 000 дана медициналық масканы сатумен айналысқан. Сондай-ақ, олардың бұл маскаларға берілетін арнайы құжаттары болмаған. Масканы іске асырудан түскен пайданың жалпы сомасы 12 500 000 теңгені құрады.

         Сотқа дейінгі ергеу басталды.

        

Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!

Егер сіз медициналық маска және антисептикалық заттарды сату кезінде негізсіз бағаны асыру фактілерінің куәгерлері болсаңыздар, келесі сенім телефондары бойынша: ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті – 8 (7172) 70-84-78, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ЭТД – 8 (7172) 31-61-45 немесе Бейбітшілік көш., 10, Желтоқсан, көш., 43. мекенжайлары бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.