Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Қаржылық мониторинг агенттігі және «Каспий банк» АҚ комплаенс қызметі өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өткізілді

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Қаржылық мониторинг агенттігі және «Каспий банк» АҚ комплаенс қызметі өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өткізілді

«Каспий банк» - жеке тұлғалар пайдаланатын инновациялық қаржылық сервистер мен өнімдерді ұсынатын, қаржылық қызметтерді жүзеге асыратын елдегі ең ірі банктердің бірі болып табылады, бұл өз кезегінде құқыққа қарсы қызметті орбитаға тарту тәуекелдерін тудырады.

Қылмыстық қызметті жүзеге асыратын адамдарға жол бермеу шеңберінде Агенттік «Каспий банк» АҚ-мен бірлесіп, есірткінің заңсыз айналымы, коммерциялық емес ұйымдар және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар арқылы терроризмді қаржыландыру, инновациялық бағдарламалар мен дерекқорлардың көмегімен қылмыстық кірістерді жылыстату, сондай-ақ Face ID арқылы екі факторлы аутентификациямен құқық бұзушылықтар сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтардың бастапқы сатысында құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау және жолын кесу жөніндегі тетіктерді әзірледі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша одан әрі бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Сенім телефоны:
8 (7172) 708-478

ҚМА Баспасөз қызметі