Нұр-Сұлтан қаласында 5 жылдам астам уақыт бойы ұйымдасқан қылмыстық топ қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырды

Нұр-Сұлтан қаласында 5 жылдам астам уақыт бойы ұйымдасқан қылмыстық топ қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің тергеу-жедел тобы ҚР ҚК-нің 262-б. 1,2-б (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), 216-б. 3-б (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау), 245-б. 3-б. (ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару) бойынша бір топ тұлғаға қатысты қылмыстық істі тергеуде. Олар Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жұмыстарды нақты орындамай, қызметтерді көрсетпей және жеткізілімдерді іске асырмай ірі көлемде шот-фактураларды ресімдеумен айналысқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 2015-2019 жылдар аралығында ҰҚТ мүшелерінің контрагент-кәсіпорындарды салықтан заңсыз босату және мүліктік пайда табу мақсатымен контрагенттердің қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, жалған бухгалтерлік құжаттарды (шот-фактуралар, келісім-шарттар, орындалған жұмыстардың актілері, төлем тапсырмалары және т.б.) ресімдеумен айналысқандығы анықталды.

ҰҚТ заңсыз қызметінен мемлекетке тигізген залал 3,3 млрд. теңгеден астам соманы құрады, оның 1,1 млрд. теңгесі істі тергеу барысында қайтарылды.

Қылмыстық қызметке 10-нан астам тұлға тартылды, олардың 5-і тұтқынға алынды.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары, экономикалық және техникалық сараптамалар жүргізілуде.