ҚР ҚЖ Қаржы мониторингі комитетінде цифрлық активтерді реттеудің өзекті мәселелері бойынша семинар өтті

ҚР ҚЖ Қаржы мониторингі комитетінде цифрлық активтерді реттеудің өзекті мәселелері бойынша семинар өтті

2020 жылғы 28 ақпанда Қаржы мониторингі комитетінде «КЖҚІҚ/ТҚ ұлттық жүйелері тиімділігінің артуына байланысты халықараллық деңгейде және ұлттық заңқұзіретінде цифрлық активтерді құқықтық реттеудегі өзекті өзгерістер» және «Цифрлық активтерді реттеудегі өзекті мәселелер бойынша пікірталас» дөңгелек үстелі тақырыбында қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша Еуразиялық топқа мүше мемлекеттердің қатысуымен видео-конференциялық байланыс режимінде семинар өтті.

Іс-шараны Қаржы мониторингінің халықаралық оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Оқудың басты мақсаты тыңдаушыларды КЖҚІҚ/ТҚ ұлттық жүйелері тиімділігінің артуына байланысты халықараллық деңгейде және ұлттық заңқұзіретінде цифрлық активтерді құқықтық реттеу саласындағы өзекті өзгерістер және тенденциялармен таныстыру, цифрлық активтер (соның ішінде криптовалюталар) саласын реттеу және қадағалау бойынша Еуразиялық топ елдерімен тәжірибе алмасу болды.

Іс-шараға қатысушылар конференция барысында келесі тақырыптармен танысып қарастырды:

− жаһандық (ФАТФ), аумақтық және ұлттық (ЕО, АҚШ, Ұлыбритания) қаржы реттеуіштердің цифрлық активтерді реттеу проблемаларына қатысты тәсілдерін дамыту, реттелуші периметр проблематикасын қоса алғанда;

− КЖ/ТҚ тәуекелдеріне байланысты цифрлық активтерді заңдастыру мәселелері бойынша жаһандық қаржы реттеуіштердің жаңа құжаттамаларының негізгі тәртіптері;

− «Жаһандық стейблкоин» құбылысына КЖ/ТҚ тәуекелдері тұрғысынан көзқарас және жаһандық реттеуіштердің (Қаржылық тұрақтылық бойынша кеңес, G7, ФАТФ) позициясы;

− Ұлттық заңқұзіреттерінің деңгейінде цифрлық активтері заңдастырудың және реттеудің өзекті мәселелері, цифрлық ақшаға орталық банктер тарапынан ұсталатын эмиссияны қоса алғанда;

− Еуразиялық кеңістікте цифрлық активтер проблематикасының дамуының негізгі тенденциялары мен перспективалары;

− Қазіргі кезеңдегі Ресейдегі цифрлық активтердің құқықтық статусының қазіргі жағдайы (соңғы өзгерістер мен тенденциялар) және одан арғы реттеудің жолдары.

Сонымен қатар ВКБ қатысушылары дөңгелек үстел форматында пікірлерімен алмасып, осы салада орын алған өзекті мәселелерді талқылады.