Қаржы мониторингі комитетінің Кинологиялық орталығы базасында ветеринарлық мамандардың біліктілігін арттыру бойынша ведомствоаралық курс ұйымдастырылды

Қаржы мониторингі комитетінің Кинологиялық орталығы базасында ветеринарлық мамандардың біліктілігін арттыру бойынша ведомствоаралық курс ұйымдастырылды

Қызметтік ветеринария – ерекше адамдардың ісі, «біздің кіші ағайындарымыздың» өмірін маңызды деп санайтын жандардың ісі. Қазіргі қоғамдағы динамикалық өзгерістерді ескере отырып, жоғары білікті ветеринарлық көмек көрсету үшін өз дағдыларын әр уақытта жетілдіру қажет. Өз біліктілігін арттыру және жаңа білім мен дағдыларды игеруде ветеринария бойынша біліктілікті арттыру курстарының маңызы жоғары.

2020 жылдың 17-28 ақпан аралығында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің өңірлік Кинологиялық орталығы базасында «Құқық қорғау және арнайы органдарда ветеринариялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында ветеринарлық мамандар үшін біліктілікті арттыру бойынша 2 апталық ведомствоаралық курс ұйымдастырылып, өткізілді.

Оқыту курсының мақсаты - ветеринария саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және кәсіби қызметінде олардың жеке әлеуетін жүзеге асыру.

Оқытушылар ретінде: ҚазҰАУ-нің акушерлік және хиругия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты - Орынханов Қанат Аманжолұлы, Алматы қ. жетекші ветеринариялық клиникасының директоры – Гавриленко Денис Сергеевич, «Дезинфекция» ЖШС директоры - Таймурзин Мұратхан Тайкешұлы шақырылды, сонымен қатар Алматы қаласының жетекші ветеринариялық клиникаларының және диагностикалық зертханаларының ветеринариялық дәрігерлері қатысты.

Курс барысында практикалық қабілеттерді жетілдіру мақсатында қатысушыларға арналған «Эквилаб» ветеринариялық зертханасына, «Айболит» ветеринариялық клиникаларына шығу, сондай-ақ Республикалық ветеринариялық зертханаға экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оқытудың интерактивті әдістері қолданылды, сабақтарда мал дәрігерлік қызметтің практикалық маңыздылығын көрнекі түрде көрсететін слайдтар мен практикалық сабақтар көрсетілді.

Аталған іс-шараға ҚР Ұлттық Ұланының кинологиялық қызметі, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР Қорғаныс министрлігінің ветеринарлық мамандары қатысты.

Курс қорытындысы бойынша сәтті өткен қатысушыларға сертификат берілді.

Мұндай курстар ветеринарлық қызметтің жұмысын ұйымдастыру бойынша тиімділікті арттыруға ықпал ететін факторлардың бірі болып табылады және құқық қорғау және арнайы органдар арасындағы өзара әрекеттесуді кинологиялық қызмет шеңберінде ғана емес, сонымен қатар ветеринария саласында да сапалы жақсартады.