Қаржы мониторингі комитетінде сақтандыру секторының субъектілерінің қатысуымен Комплаенс кеңесінің отырысы өтті

Қаржы мониторингі комитетінде сақтандыру секторының субъектілерінің қатысуымен Комплаенс кеңесінің отырысы өтті

2020 жылғы 26 ақпанда Комплаенс кеңесінің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті сақтандыру секторының субъектілерімен «Ішкі бақылау жүйесін қаржы мониторингі субъектілерінің іске асыруы бойынша тәжірибе алмасу» тақырыбында Комплаенс кеңесінің бірінші отырысын өткізді.

Комплаенс кеңесінің мақсаты – ақпараттық алмасу сапасын арттыру, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерімен өзара іс-қимылдың және кері байланыстың жаңа форматтарын енгізу.

Сонымен қоса, отырысқа ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында субъектілердің ішкі бақылау жүйесін іске асырудағы, оның ішінде клиенттерді тиісінше тексеру бойынша шаралар жүргізу, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу бөлігінде проблемалық мәселелер талқыланды.