
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымы жаппай таралып, және экономиканың, құқық тәртібінің жай-күйіне, қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалға, халықтың денсаулығы мен гендік қорына неғұрлым теріс әсерін тигізіп келеді.
Тәжірибе көрсеткендей, есірткі құралдарын шекара арқылы заңсыз тасу және оны мемлекет аумағы арқылы тасымалдауды анықтаудың ең тиімді тәсілі арнайы дайындалған қызметтік-іздестіру иттерін пайдалану болып табылады.
Есірткі бизнесінің таралу жолын кесу және есірткі құралдарын заңсыз алып өтуге қарсы күресте білікті офицер-кинологтарды қызметтік-іздестіру иттерімен даярлау қажеттілігінің маңызы жоғары.
Синтетикалық топқа жататын есірткі құралдарының түрін Қазақстан Республикасы шекарасы арқылы заңсыз тасымалдауға қарсы күресті күшейту мақсатында 2020 жылғы 22 қаңтар – 22 ақпан аралығында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Кинологиялық орталығы базасында «Есірткі құралдарын іздеу» бағдарламасы бойынша қызметтік-іздестіру иттерімен Экономикалық тергеу департаменттерінің офицер-кинологтарына арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
Аталған курстың мақсаты бұдан бұрын қалыптастырылған білімдерін, дағдыларын бекіту және жетілдіру, сонымен қатар синтетикалық топқа жататын есірткі құралдарының жаңа түрін еңгізу. Сонымен қатар, тәжірибелік дағдыларды жетілдіру мақсатында іс-тәжірибелік сабақтардың негізгі бөлігі нақты жағдайларға жақын жерлерде жүргізілді.
Курс соңында офицер-кинологтардан теориялық емтихан қабылданып, сонымен қатар қызметтік-іздестіру иттерінің теміржол вагонында, жүк көліктерінде, ғимарат ішінде және қол жүгінде есірткі құралдарын іздестіру бойынша жұмыс қабілеттері тексерілді. Емтихандарды сәтті тапсырған офицер-кинологқа салтанатты түрде курсты аяқтағандығы туралы сертификаттар тапсырылды.
Оқудан өткен офицер-кинологтар қызметтік-іздестіру иттерімен алған дағдыларды қолданып, осылайша қызметтік міндеттерді орындауға тұрақты дайындықты қамтамасыз ете отырып, есірткі құралдарының контрабандасын анықтау бойынша жоғары нәтижелер көрсетеді деген үміттеміз.