ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті экономикалық контрабанда фактісі яғни, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы аса ірі мөлшерде тауарларды өткізу бойынша Нұржан Сураповқа қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады.
Ол Астана халықаралық әуежайында "Стамбул-Астана" авиарейсімен алтын әшекейлерді тасымалдау барысында ұсталды.
Мамандардың қорытындысы бойынша декларацияланбаған «зергерлік бұйымдар мен сағаттардың» жалпы кедендік құны 565 млн теңгені немесе 1 млн 200 мың АҚШ долларына жуық соманы құрады.
Сот шешімімен, Нұржан Сураповқа шартты түрде 1,5 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалып, 565 млн теңге сомасына, жалпы салмағы 28 кг болатын, 7 мыңнан астам зергерлік бұйымдар мемлекет кірісіне тәркіленді.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі