Қаржылық мониторинг агенттігі «Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (АЖ/ТҚҚ) жүйесіндегі бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының рөлі» тақырыбында Қазақстан бухгалтерлерінің кәсіби ұйымдарымен (БКҰ) кездесу өткізілді

Кездесуде АЖ/ТҚҚ жүйесіндегі бухгалтерлердің рөлі, АЖ/ТҚҚ туралы заң талаптарын бухгалтерлердің сақтауын бақылау бөлігіндегі БКҰ қызметі, сондай-ақ бухгалтерлердің заң бұзушылықтарының себептері және оларды шешу жолдары сияқты мәселелер талқыланды.

Екіжақты нәтижелі келісімдердің қорытындысы бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыру, сондай-ақ БКҰ мен ҚМА арасында ақпарат алмасу туралы шешім қабылданды.

ҚМА қаржылық мониторинг субъектілеріне АЖ/ТҚҚ заңнамасының талаптарын түсіндіру бөлігінде қажетті көмек көрсетуге дайын.

Бухгалтерлік есеп қызметтерін ұсынатын бухгалтерлер мен бухгалтерлік ұйымдарда сұрақтар туындаған жағдайда 8-7172-14-58 немесе 8-7172-70-09-51 нөмірлері бойынша ҚМА Call-center-не хабарласыңыз.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі