ҚМА бастамасымен "Субъектілерге қатысты тиімді бақылау-қадағалау жүйесін құру" тақырыбында ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар Офисі ұйымдастырған оқыту семинары өтті

ҚМА бастамасымен "Субъектілерге қатысты тиімді бақылау-қадағалау жүйесін құру" тақырыбында ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар Офисі ұйымдастырған оқыту семинары өтті

Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен
"Субъектілерге қатысты тиімді бақылау-қадағалау жүйесін құру"
тақырыбында ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар Офисі ұйымдастырған оқыту семинары өтті.

Іс-шараның мақсаты - тәуекелге бағдарланған жүйені нығайту,
саладағы мемлекеттік реттеуші органдардың бақылауы
кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл.

Семинарға ҚР Қаржы министрлігінің, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, сондай-ақ
"Астана" халықаралық қаржы орталығы қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында Литва Республикасының Қаржылық барлау қызметінің бұрынғы басшысы  Игорис Кржекчковкис пен Австрияның Қаржылық барлау қызметінің бұрынғы басшысы Елена Шершнева өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар өз елдерінде қаржылық мониторинг субъектілерінің құқық бұзушылықтарына ден қою, алдын алу үшін  қабылданатын шаралар бойынша бақылау шараларын іске асыру процесі, өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айтты. Сондай-ақ кездесі соңында осы семинарға қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берілді.