Қазақстан Республикасының атынан ҚМА төрағасының орынбасары, экономикалық тергеу қызметінің генерал-майоры Жеңіс Елемесов қатысты. Сессия аясында делегациялардың келесі басшыларымен екіжақты кездесулер өтті:
1. Мемлекеттік хатшы-Ресей Федерациясы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Зубов мырза.
2. Венадағы ЕҚЫҰ, БҰҰ және басқа ХҰ жанындағы Швейцарияның тұрақты өкілі Рафаэль Нягели мырза және Швейцария әділет және полиция департаментінің Федералды Әділет басқармасының құқықтық мәселелер жөніндегі қызметкері Барбара Каммерманн ханым.
3. Венадағы БҰҰ жанындағы Интерполдың тұрақты бақылаушы бюросының басшысы Флориан Бакконье ханыммен.
Кездесуге қатысушылар қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық сұраныстарды жедел орындау мәселелерін талқылады.
Әр тарап тергеуаралық тапсырма сұрауларын орындау бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Бұдан әрі ынтымақтастық үшін байланыс деректерін алмасумен тергеуаралық тапсырма орындау бойынша құрылымдардың тікелей өзара іс-қимылы туралы ауызша уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сонымен қатар, Интерпол өкілі Сингапурдағы криптовалюта қылмыстарына қарсы күрес жөніндегі жаңа бөлімше мен халықаралық желінің құрылуы туралы қысқаша ақпарат берді. Бөлімшенің функционалдық қызметі туралы толық ақпарат Агенттіктің атына жақын арада жіберілетін болады.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі