Негізгі мақсат салауатты өмір салтын, отасылық құндылықтарды дамыту, ұжымды біріктіру болды. Бұл спартакиаданың ерекшелігі – ҚР ҚМА қызметкерлерінің моральдық-психологиялық жағдайын арттыруға және отбасылық байланыстарын нығайтуға баса назар аударылды. Сондықтан ерлі-зайыптылар, балалар, тіпті кейбір жағдайларда қызметкерлердің ата-аналары шақырылды. Отбасы құрамындағы командалар үшін арнайы жарыстар ұйымдастырылды.
Қоғамдық кеңестің төрағасы С.Е. Шунеев немересі Айсұлтанмен, Қоғамдық кеңестің мүшелері де отбасыларымен бірге спартакиадаға қатысты.
ҚР ҚМА орталық аппаратының қызметкерлері, Астана қаласы бойынша ЭТД қызметкерлері, қызмет ардагерлері спорттың 6 түрінен (шағын футбол, волейбол, күштік гимнастика, отбасылық үстел үсті теннис, отбасылық эстафеталар) жарысты.
Спорттық іс-шаралардан басқа спортакиада қонақтары мен қатысушылары үшін концерттік бағдарлама, мультфильмдердегі сүйікті кейіпкерлерінің қатысуымен балалар шоуы және ҚМА қызметкерлері балаларының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Спартакиадаға Агенттіктің 300-ден астам қызметкері мен жұмысшылары қатысты.
Қоғамдық кеңес спорттық дайындық пен отбасылық құндылықтарды нығайтатын осындай іс-шараларды ризашылықпен қолдайды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі