Әскери және қызметтік борышын өтеуде көрсеткен ерліктері мен адалдығы, ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғанысын қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Агенттік қызметкерлері «Құрмет» және «Айбын» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен салтанатты жағдайда марапатталды. Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін бірқатар қызметкерлер «Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін», «Мінсіз қызмет үшін» медальдарымен, «Қаржылық мониторингі органдарының үздігі» төсбелгісімен және Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен марапатталды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі